Шымкент қаласының әкімі Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Әр жылдың 1 желтоқсанында елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев — барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы екеніне нық сеніммен айта аламыз.
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл — ғасырлар тоғысында ата — бабалар аңсаған Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны сөзсіз.
Келе жатқан айтулы мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі — Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл — күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен: Ерлан Қуанышұлы Айтаханов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444