Елбасына арналған жүрек жарды жырларын жеткізді

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «1-желтоқсан – тұңғыш Президент күні» мерекесі қарсаңында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлескен өнеге сағатын өткізді. Аталған іс-шара «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Елбасы залында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасының ізімен жүрген, Елбасымен қызметтес болған ел ағаларының өнегелі істері мен Елбасымыздың жүзеге асырған игі істері жайында жас буын, Зияткер оқушылармен пікір алмасу.
Мерекелік іс-шараны Нұр Отан партиясының Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалының төрағасы Әбдез Рахым ағамыз ашып, Елбасымыз жайлы өнегелі ойларымен бөлісті. Іс-шараны мектебіміздің Зияткер оқушылары Елбасына деген жүрек жарды жырларымен жалғады. Жас ақындарымыз А.Бердібек, А.Раева, А.Дініқұл, Ж.Амангелді, Д.Қалназар Елбасына арнап өздері шығарған жыр жолдарын тарту етіп, дүйім жұртты тәнті етсе, мектебіміздің «Уикипедия» жобасының белсенді оқушылары Елбасының еңбектері жайлы мақалалаларын интернет желісінде жариялады.
Мерекелік іс-шараны Қаратау аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Ырсалиев пен жазушы С.Исақтың сұқбаттары жалғады. Одан әрі, өнегелі кешті «Ақерке» балалар бөлімінің жас бүлдіршін оқырмандарының, кітапхана қызметкерлерінің Елбасының қанатты сөздерінің әдеби композициясы мен №80 мектептің оқушысы Қуаныш Бекнұрдың «Еркесылқым» күйі жалғады. Кеш соңында қонақтар «Елбасына тілек» бұрышындағы «Нұрсұлтан ағаға тілек» кітапшасына ыстық тілектері мен құттықтауларын жазды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444