ШЫМКЕНТ — 2023 ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында 81 шағын ауданның 65-і сапалы электр қуатымен қамтылған. Өткен жылы 13 шағын ауданда электр желісінің құрылысы аяқталып, 23 мыңнан астам адам сапалы электр желісіне қосылды. Нәтижесінде, қамту көрсеткіші 93 пайыздан 95 пайызға жоғарылады.

Биыл 10 шағын ауданда электр желілерінің құрылысы пайдалануға беріліп, 21 мыңнан астам адам сапалы электрмен қамтамасыз етіледі. Қамту көрсеткішін 97 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов халық алдында берген есебінде сапалы электр мен табиғи газбен қамтуда атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады.

– Қаладағы 81 шағын ауданның 40-ы сапалы газбен қамтылған. Өткен жылы бірнеше шағын ауданға газ тартылып, қаланы газбен қамту 92 пайыздан асты. Осы жылы 8 шағын ауданға газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады. Осының есебінен 9 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жетеді-деді қала әкімі.

Сонымен қатар, шаһар басшысы 2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылатынын айтты.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444