ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция өтті

Шымкентте 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция өтті. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған іс-шара Әл- Фараби алаңында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті мерекемен құттықтап, ұлт рухымыздың айғағы рәміздерімізге құрметтің ерекше сақталу қажет екенін жеткізді.

Ерлан Қуанышұлы салтанатты жиында белсенді жастарға «Nur Otan» партиясының мүшелік билетін табыс етті.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болған патриоттық акцияға шымкенттік жастар қолдау білдірді. Ал қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444