«Нұрлы жер» бағдарламасы нұротандықтардың назарында

Аймақта «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген қаржының игерілу көрсеткіші қандай? Тараз қаласындағы бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары белгіленген мерзімінде толық тапсырылы ма? Құрылысты жүргізіп жатқан мердігерлерге қаражат уақытылы төленуде ме? Осы және өзге де сауалдар  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы отырысының күн тәртібінде қозғалды.

Алдымен  «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысы туралы облыстағы жауапты мамандардың есебі тыңдалды. Бағдарлама шеңберінде биыл 32 жобаны іске асыру үшін 10 млрд  588 млн,тг бөлінген. Есепті кезеңнің жоспарына  сәйкес қаражаттың 97,1 пайызы игерілген. Десек те, атқарылған жұмыс барысында кемшін тұстары да бар.

Қасымхан Төлендиев – «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры

Жиынға құрылыс компаниялары мен мердігерлер, жоспарлаушы, техникалық бақылау мамандары да қатысты.   Халық қалаулылары  шешімін күткен бірнеше сауалдарын қойды. Мәселен, Барысхан аумағында берілген жер учаскелерін зерделеу жұмыстарында ,  көше бойына  бағандар орнатылғанымен, әлі күнге тоқ сымдары жүргізілмеген. Ал,  көше бойында қазылған құбыр жолдары ашық жатқаны анықталған. Бұл тұрғындар өміріне қауіп төндіріп отырғанын алға тартып, тиісті маманнан жауабын алды.

Біз қоршап қоямыз, сонда да шұңқырға түсіп, немесе көліктер кіріп кетіп жатса, ол өздерінің жауапсыздықтары дейді мамандар.

Мұнан өзге кнү тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша жаңадан соғылып біткен 15 мөлтекауданының жылу мәселесі де назардан тыс қалмады. Қазіргі кезде 2 модуль қазандықтары орнатылып уақытша іске қосылған. Қазіргі уақытта құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бұған ауа-райының жылылығы да көмек болып тұр.

Сайлауғали Байназаров — Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Сондай – ақ, облыс бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының  жайы жіктеліп, талданды. Зерделеу жұмыстарының да нәтижесі түйінделді. Тиісті мамандар алдағы уақытта кемшіліктерді жою жұмыстарын қолға алатындықтарын жеткізді.

Н.ДӘРМЕНҚЫЗЫ, СЕРІК ТӘЖІБАЕВ

http://taraztv.kz/kz/news/society/nurly-zher-bagdarlamasy-nur-otandyktar-nazarynda

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444