Шымкентте «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері әнші, сазгер Марат Омаровпен кездесті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған жас буын «Келешек» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Марат Омаровтың «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.
Кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов жүргізіп отырды.
Марат Омаров — әнші, сазгер, Қазақстан композиторлар одағының АҚШ-тағы Бүкіләлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі, Халықаралық «Каир-2003» (Египет) конкурсының бас жүлде иегері, «Қазақстан жастар одағы» сыйлығының лауреаты. Бүгінде Елордадағы «Талант» өнер ордасының бас директоры.
Марат Омаров студенттерге өзінің өмір жолындағы өнері туралы өткен күндер тарихындағы оқиғалары туралы әңгімесін айтты.
Студенттер әнші, композиторға өнер жолындағы өздеріне қызықтырған сұрақтар қойып, оған жауаптарын алды.
Кездесу соңында көпшілікке әйгілі «Ана» атты әнін студенттер Марат Омаровпен бірге шырқап, естелік суретке түсті.

Ж.Нурмахамедова,

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444