Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде мемлекет өз қарауына 15 категориядағы азаматтарды алады
Міндетті медициналық сақтандыру жайлы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.
Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген күнен бастап мемлекет өз қарауына 15 категориядағы әлсіз топтағы азаматтарды алады және олар үшін мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы. Атап айтқанда,
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10) тергеу изоляторларындағы адамдар;
11) жұмыс істемейтін оралмандар;
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектер;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
А.С.БЕДЕН,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Шымкент қаласы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі
бөлімінің басшысы