«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына және Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес биылғы жылдын басынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізілген. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді.
Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады.
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 тенгені құрап отыр.
Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:
• жеке табыс салығы 10 %;
• — мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;
• — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;
• — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 %, — деді
Айта кететін жайыт, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сәйкес өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 % жарнаны 2020 жылдың 1 қантарынан бастап аударатын болады.
А.С.БЕДЕН,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Шымкент қаласы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі
бөлімінің басшысы