«ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС» 33 ОТБАСЫНЫ САҚТАП ҚАЛДЫ
Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасы Абай аудандық сотымен бірлесіп «Отбасылық кеңес» пилоттық жобасын іске асыруда. Кеңес құрамына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, медиаторлар, ақсақалдар кеңесінің өкілдері кіреді. Жобаны іске асыру кезеңінде 10 отырыс өткізілген, нәтижесінде ажырасу шегінде тұрған және психологиялық кеңес беруді қажет ететін отбасылармен жұмыс жүргізіліп, 33 неке сақталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасы нақты аумақта орналасқан учаскелер бойынша мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, үй басқарушылар /домкомдар/, ата-аналар комитеттерінің, жұртшылықтың, жастардың, бизнес құрылымдардың белсенді өкілдерін енгізіп, бастамашыл топтар құруды қолға алды. Осы арқылы нақты тірек пунктінің аумағында өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасыларды, жат қылықты тұлғалардың қоғамға қарсы мінез-құлқын, жайсыздық пен зорлық-зомбылықты ерте анықтауға мүмкіндік туындамақ.