АУТРИЧ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ 3500 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласының отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасы «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберінде қаланың барлық аудандарында халықпен жұмысты күшейтіп, Аутрич бөлімін (жастар ресурстық орталығында) құр5ан. Басқаармадағы бөлім қызметкерлері, заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер халыққа тегін көмек көрсетуде. Сонымен қатар, пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында Аутрич бөлімінің мамандары әр ауданның әлеуметтік картасын әзірлеу үстінде. Құрылған аз уақыт ішінде бөлімнен 3 500 отбасы нақты көмек алып үлгерген.