«Бірге – таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы жалғасын тапты
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан ұсынған «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясын жалғастыру мақсатында бүгін Шымкент қаласындағы құрылымдық басқармалары мен аумақтық органдары қаланың көшелерін, жергілікті аудан әкімдіктері тарапынан коммерциялық нысандар, кәсіпорын ұжымдары, сонымен қатар ауыл билері мен кондоминиум нысандарын тарта отырып, көпшіліктің қатысуымен тұрғын үй аулаларын тазалау жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ-ы қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтан зондтау жұмыстары бойынша Шымкент қаласының жергілікті аудан аумағынан анықтаған бей берекет қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары атқарылды.
Сенбілікке жалпы 12 000 астам адам қатысып, 60 қа жуық қоқыс тасымалдайтын, қоқысты артатын және т.б техникалары тартылып қоқыстар тазаланды. Қалалық қоқыс полигонына 280 тоннадан астам қоқыстар апарылып, тегін қабылданды.