Шымкенттік дәрігерлер Еуропа елдеріндегі үздік медициналық технологияларды қолдана отырып, күрделі оталар жасайды

Шымкенттік дәрігерлер Еуропа елдеріндегі үздік медициналық технологияларды қолдана отырып, күрделі оталар жасайды. Бұл туралы қалалық кардиологиялық орталықта жергілікті дәрігерлер мен испандық әріптестері арасында меморандум түзілді.Әріптестік құжатқа кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев пен Барселона қаласындағы «Iberhospitex S.A.» компаниясының даму бойынша директоры Джулия Прусачык қол қойды. Мұндағы мақсат – үшінші мегаполистегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын соңғы үлгідегі жабдықтармен нығайту. Бұған қоса екі жақты келіссөз нәтижесінде шымкенттік дәрігерлер Испаниядағы медициналық ұйымдарда тәжірибе алмасып, біліктілік шыңдайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444