ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕРДІ ҚАТАҢ САҚТАУ ЕСКЕРТІЛДІ

Бүгін 26 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен облыстық Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері талқыланған мақсатты жиын өтті.

Жиында төрағалық еткен Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы кеңінен түсіндірді.

Әрі қарай «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсе басшысының орынбасары А.Талғатұлы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ, А.Талғатұлы тексеру комиссиясы қызметкерлерін мекемелерге тексеруге шығардан алдын адалдыққа тәрбиелейтін оқытудан өткізіп, жемқорлыққа қарсы дербес жауапкершілікке қол қоюды ұсынды.

Бұл ұсыныс тексеру комиссия басшылығының тарапынан қолдау тапты.

Іс-шара барысында қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктерге қатысты бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында Ғ.Сұлтанұлы қатысушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін құқықбұзушылыққа бармай, шектулерді сақтап, өткізілген кездесуден қорытынды шығаруды қатаң ескертті.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444