Тайланд корольдігі өз ұлттық күнін атап өтті
1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. Бүгінде осындай бірегей «Энергия барлығымыз үшін» деп аталатын павильон иелері Таиланд Корольдігінің ұлттық күні аталынып өтті.
Тай елінен келген 50-ден аса өнерпаз көпшілікті ұлттық биі мен бай мәдениетімен таңғалдырды. Делегацияны Корольдіктің Энергетика министрі бастап келді.
«Энергия барлығымыз үшін» деп аталатын Таиланд павильоны үш бөліктен тұрады. Онда баламалы энергияға бағытталған жобаларды қызықтап қана қоймай, тай халқының тыныс-тіршілігімен де танысуға болады. Күнделікті мұнда 7 мыңға жуық адам келеді екен.
Батырбек Әлімханұлы, Таиланд павильонының өкілі: – «Біздің павильонда биомассадан энергияны қалай алуға болатындығын көруге болады. Пальма ағашынан, жүгері сынды өсімдік түрлерін қайта өңдеп, оны қуат көзіне қалай айналдыруға болатындығын көре аласыз. Сондай-ақ қонақтар тай елінің ұлттық тағамдарынан да дәм тата алады. Қаласаңыз, арқаңызды тегін сылап береді», -дейді ол.
ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады. Міне бүгін осындай жаңа үрдістері қалыптасқан Таиланд Корольдігінің тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен, оған қоса әлеуетімен таныс болдық.