Ең жоғары жалақыны кімдер алады?
Қазақстанда орташа жалақы 340 636 теңгеге тең. Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгеге тең. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3%-ды, нақты мәнде – 0,6% төмендеді. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады.
2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.
Орташа жалақы ең жоғары салалар:
— тау-кен өндіру – 766 555 теңге;
— қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге;
— ақпарат және байланыс– 541 218 теңге.
Орташа жалақы ең төмен салалар:
— сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;
— ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге.
Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі:
— Атырау облысы – 618 420 теңге;
— Маңғыстау облысы – 509 818 теңге;
— Ұлытау облысы – 450 889 теңге;
— Астана қаласы – 432 197 теңге;
— Алматы қаласы – 390 322.
Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі:
— Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге;
— Жетісу облысы – 246 203;
— Шымкент қаласы – 254 202 теңге;
— Жамбыл облысы –– 254 646;
— Түркістан облысы – 257 874.
2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.
Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы қай өңірлерде ер азаматтар көптігі туралы мәлімет ұсынды.