«Педагог мәртебесі» туралы талқыланды
Шымкент қалалық Дарын мектеп интернатының ұстаздарымен «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, талқылауға арналған отырыс өтті. Отырыс барысында заң жобасында қарастырылған : – ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, — педагогтардың жүктемесін азайту; – мұғалім қызметіне қойылатын талаптарды күшейту; – материалдық және материалдық емес ынталандыру тетіктерін енгізу мәселелері талқыланды.