«Діни сауатсыздық- діни экстремизм бастауы»
Шымкент қаласындағы Дарын мектеп интернатында қалалық ішкі саясат және дін істер басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры М.Ә.Бесбаев «Діни сауатсыздық- діни экстремизм бастауы» атты тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі С.А.Касымовтың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге ішкі саясат және дін істері басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары Исатай Ақжолұлы мен Шақопов Садинқожа, Акбарқажы Шәкірбай ата мешітінің бас имамы Ерімбет Нұрғали, мектеп инспекторы полиция капитаны Жамалов Жасұлан мырзалар қатысты. Мектеп оқушылары көкейде жүрген сұрақтарына қонымды жауаптарын алды.Келген қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісті,кездесу өте тартысты, жоғары деңгейде өтті.