Жамбыл ауданында астық және жеміс-жидек қоймасы ашылды

Бүгінгі таңда Жамбыл ауданында он алты мыңнан аса тоннаны сақтауға қауқарллы он төрт қойма бар. Бұлардың қатары жақында осы ауданда ашылған астық және көкөніс сақтау орнымен тағы да толықтырылып отыр. Жаңа қоймада қазірдің өзінде шаруалардың 167 тонна алмасы сақтауға қойылды. Сыйымдылығы екі мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасының құрылысы сәуір айында басталып, қазан айында аяқталған болатын. Жалпы алаңы бір гектар, қойманың көлемі 1980 шаршы метр.  Қойма он екі жеке камерадан тұрады. Әр камерада жеке салқындатқыш, ылғалдандыратын құрал-жабдықтар қойылған. Одан бөлек жеміс-жидектен бөлінетін этилен газын көмірқышқыл газына айналдырып, бактерияларды жоятын этилен құрылғысы да орнатылғанын айта кету керек.

Мұратхан Шүкеев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:  — Аталған жобаны «Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландырып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге корпорацияның тиімді шарттары да бар. Болашақта бұл қойманы кеңітетін жоспарлар бар, одан бөлек мұндағы жеміс-жидектерді қайта өңдеу жұмыстары жөнінде де жобаларды қолға алу – болашақтың ісі. Бұл шаруаларға да тиімді, қойманы соғып отырған азаматтарға да тиімді, — дейді. Нұрғали Сейілбеков, «Аграрлық несие корпорациясы» Жамбыл облыстық филиалының директоры: — Біріншіден, бұл жоба ұзақ мерзімді несиелендіру. Екіншіден, несие төмен пайызбен беріледі. Тағы бір артықшылығы – екі жылдан үш жылға дейінгі негізгі борышты өтеуде сыйақы қарастырылған және негізгі борыш жылына бір рет өтеледі. Сондай-ақ, бізде арнайы жеңілдіктер де бар. Ол үшін салынып жатқан нысанды несиеге алушы кепілге қоюына болады, — дегенді айтты. Биыл аудан бойынша 6645 га көкөніс дақылдары себілсе, бағбандар 660 га алма бақтарын баптауда. Мол өнім жинаған диқандарға көкөністерін бабында ұстау үшін мұндай қоймалар ауадай қажет-ақ. Бақыт Қазанбасов, Жамбыл ауданының әкімі: — Бұл қоймадағы жеміс-жидектер жаңа жылдан кейін көршілес облыстарға, Астана қаласына және Жеміс-жидек қоймасының құны 472 млн. теңгені құрады. Мұнда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жасау үшін асхана, жуынатын бөлме мен демалыс орны да қарастырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *