Мұқтаж отбасыларға тиісті жәрдемақы тағайындалды

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу бойынша 2019 жылдың 1 сәуірінен қазіргі таңға дейін көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасылардан 9857 өтініш түсіп, оның 8711 отбасы мұқтаж деп танылса, қалған 1146 отбасы мұқтаж емес деп танылды.
Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға көмектеседі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.
Біріншісі – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау болып табылады және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444