«Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ»

Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі — бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Үстіміздегі жылғы 12-23 қараша аралығында «Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан аясында Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектебінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. «Мұрагер» тобының ұйытқы болуымен орта мектепте 9 “а” және 9 “ә” — сынып жетекшілері Салтанат Ибраимова мен Роза Саржанова «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мектеп инспекторы Ермек Бегалиевтің қатысуымен өткен сынып сағатында оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, сынып сағатында бейнеролик көрсетіліп, мектеп инспекторы оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар.Ата-анасы жәнеде басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық дамуына,денсаулығына,оның адамгершілік және имандылық қасиетті бойына сіңіруге ықпал етуі керек.Баланы тәрбиелеуде баланың адамдық қадір-қасиетіне дұрыс көзқараспен қарау керек. Зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін бірінші кезекте қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл тек мемлекеттің ғане емес сонымен қатар қоғамда өмір сүрген әрбір азаматтың міндеті.
8 “ә” — сынып оқушылары (жетекшісі Салтанат Абдрахманова) ауылдық ардагерлер кеңесі мүшелерімен сұхбат ұйымдастырса, 10 “а” — сынып оқушылары (жетекшісі Жанат Мұсаева) «Ата — ана болу — керемет», «Көмекті қалай сұрау керек?» тақырыптарында жадынамалар жасап, ата-аналарға таратты. 8-11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға  қоғамның назарын заудару мақсатын көздеген мектеп психологтары балалар мен жасөспірімдер, ата-аналармен психокоррекциялық жұмыс ұйымдастырды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444