Меркі ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көп

Ежелден жердің көркі санал­ған Меркі ауданында Елба­сы­ның тапсырмалары мен бастамаларын ауыл шаруашылығы саласында іске асыру жұмыстары жүйелі жүр­гізілуде. Ауданда жалпы кө­лемі 705697,0 гектар жер бол­са, оның 202173 гектары ауыл шаруашылығы саласы­на тиесілі. Меркі жерін­де бүгінде 84 мыңнан астам ха­лық тұрады. Көпшілігі негі­зі­нен асыраушы саланың игі­лі­гін көріп, тірлігін тіктеп келе­ді. Аудан әкімі Мейірхан Өмірбековтің айтуынша, ауданда негізінен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларына тиісті көңіл бөлінген. Бұл ретте атқарылған жұмыстардың көлемі де ауқымды. Аудан бойынша өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 10 миллиард теңгені құраған. Ал елімізді Индустриялық-инно­вациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы аясында Меркі ауданында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 1,7 мил­лиард теңге болатын 2 ин­вестициялық жоба жүзеге асы­рылған. Нәтижесінде 38 жа­ңа жұмыс орны ашылып, жер­гілікті тұрғындар жұмыс­пен қам­тылған. Сонымен қатар «Орталық Азия қант компания­сы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Меркі филиа­лы­ның жылына 200 мың тоннаға дейін өнім шығару әлеуетіне ие болғаны өңір экономикасының артып отырғанын көрсетеді.
Мемлекет үшін мал шаруа­шы­лығының да маңызы зор. Бұл орайда шаруаларға жеңіл­детілген несие, мал басы үшін субсидия беріліп келеді. Нәти­жесінде Меркі ауданында ауданда мал басы өз төлі есебінен көбейтілуде. Бүгін­де ауданда 48 834 мүйізді ірі қара, 276 664 қой-ешкі, 13 422 жыл­қы, 123 түйе және 81 395 үй құстары бар. Шаруалардың айтуынша, Меркіде мал басы­ның артуына ауданда құрыл­ған ауыл шаруашылығы коопера­тивтерінің септігі тиіп отыр. Бүгінде ауданда сүт бағытында 6 және ет бағытында 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс істеп келеді. Аталған агроқұрылымдар осы уақытқа дейін 1530 тонна ет және 439 тонна сүт өндірген. Шаруаларға өнімдері үшін мемлекет тарапынан 67 926 110 теңге көлемінде субсидия берілген. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында аудан бойынша 6 миллиард 687,6 миллион теңгенің өнімі өнді­ріл­ген. Бұл көрсеткіштің өзі аудан­ның айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін көрсетеді.  Бұл орайда мал басын асыл­дандыру да маңызды іс. Ежел­ден бір-бірінен төрт түлік ма­лы­­­ның амандығын сұрауды ұмыт­­паған халқымыздың мал бағу, оны асылдандыру ерте­дегі кәсібі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444