Үдемелі алма бақтары дамып келеді

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, облыс бойынша жалпы саны 300 жылыжайдың барлығы 32 гектар алқапта орналасқан, олардан 2018 жылдың 1 кезеңінде жалпы көлемі 2,7 мың тонна өнім алынды. Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты 22%-ға қамтып отыр. Қосымша қажетті 37 гектар жылыжай құру жұмыстары қолға алынуда. Жылыжайда жаңадан өсіп келе жатқан көшеттердің жетілуіне де ерекше мән беріледі. Бабын тауып күтсе, күніне бір жылыжайдан жоспарланғаннан анағұрлым мол өнім алуға бо­латынын айтады баптаушылар. Биылғы жылы облыста ылғал сақтау технологиясы 28 мың гектарға (2017 ж.- 27 мың. га), су үнемдеу – 18,2 мың гектарға жетіп (2017 ж.- 15 мың га), 21,3% артты. Келесі жылы су үнемдеу технологияларын 21,2 мың гектарға енгізу жоспарлануда, ал, 2022 жылға дейін 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып, жалпы суармалы егіс көлемінің 15%-на жеткізу көзделуде.

Елімізде әрбір өңірдің өзіндік қалыптасқан табиғаты мен тіршілігі бар. Сол сияқты Жамбыл өңірі де ауыл шаруашылығына, оның ішінде егін және мал шаруашылықтарына қолайлы аймақ. Жаз жайлауда, қыс қыстауда жүріп шаруаларын шалқытып отырған еңбек адамдары да жетерлік. Асыраушы саланың аймақта қаншалықты дамып, өркен жайып келе жатқанын кешенді бағдарламасы аясындағы жұмыстардан көруге болады.
Облыста 2018 жылы 3375 гектар жерді алма бақтар құрады, оның ішінде 625 гектар үдемелі алма бақтар, олардан жылына жалпы 25 мың тонна алма өнімдері жиналады. Облыста орналасқан барлық алма бақтар тұрғындардың алмаға деген қажеттілігінің 91%-ын қамтамасыз етеді. Ендігі жер­де алма жемісіне тәуелділіктен ары­лып, төл топырағымыздан көктеп шық­қан алма өнімдерін жаппай тұтынуға мүм­кіндік туатын күн алыс емес. Интенсивті бақтарда тамшы­латып суару технологиялары қол­данылады.
Тағы бір айта ке­тер­­лі­­гі, үдемелі бақ өсіруді қол­ға ал­­­­­­ған шаруаларға мемле­кет тара­пы­­­­­нан қаралатын же­ңіл­дік­тер де аз емес. Атап айтсақ, интенсивті жо­­­­­баларды субсидиялау бағ­дар­­ла­­­ма­сы бо­йынша алғашқы жы­­лы әр­бір гектарына кеткен шы­ғын­ның 40 пайызы қожалыққа қай­та­­рылып берілсе, 12 пайыздық үс­те­мемен алынған несиенің 7 пайы­зы «Қазагроқаржы» АҚ ар­қылы өте­леді екен. Бұл да ша­руа үшін оң­тайлы әрі пайдалы тәсіл.
Үдемелі алма бақтар алқабын 2022 жылға дейін 1600 гектарға жеткізу жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444