Мойынқұмда ақбас тұқымды ірі қара малы өсірілуде

Жыл басында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген болатын. Қазіргі таңда белгіленген межені жүзеге асыруға «АгрофирмаТөріпкен» ЖШС-і өз үлесін қосып келеді. Аталған серіктестік Ресей Федерациясының Алтай өңірінен қазақтың Ақбас тұқымының 600 бас МІҚ малы әкелінген.

2016 жылдан бері серіктестік тарапынан Ресей Федерациясынан 1 699 бас ет бағытындағы «Қалмақ» тұқымдас асыл тұқымды МІҚ малы әкелінген болатын. Алдағы уақытта серіктестік Ресейден 3 мың бас мүйізді ірі қара малын импорттауды жоспарлап отыр. Бағдарлама аясында 2018-2024 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шетелдерден 36 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу көзделсе, биылғы жылы 1850 бас МІҚ малын алу жоспарланған. Былтыр өңір бойынша мүйізді ірі қараның саны 350 мың басқа жуық болса, биыл сол көрсеткішті 3,4 пайызға арттырып, алыс-жақын шетелдерді етпен жарылқасақ деген бастама бар. Осы мақсатта жыл басында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген. Бұл бағдарламаға сай 2024 жылға дейін облыста алыс-жақын шетелдерден 36 мың басқа жуық ұрғашы мүйізді ірі қара мал  сатып алынбақ. Биыл соның  1850 басын жеткізу жоспарланған екен.  Бүгінгі күні 3000 басқа арналған бордақылау кешені және 5000 басқа арналған репродуктор-шаруашылық құру жобасымен айналысуда. «АгрофирмаТөріпкен» ЖШС директорының орынбасары Серікбай Ұлышевтың айтуынша, облыста ет бағытындағы мал санын арттыру бойынша нақты жоспарлары бар. Мәселен, олар импортталған малды шағын шаруашылықтарға беру арқылы өнімін алып отыратын бағдарлама жасамақ. Жалпы, өңірдегі «2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарламасы» аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдарына 19 тауар өндірушіден өтінім қабылданып, оның төртеуі мақұлданған екен. Оның үшеуіне 104,9 миллион теңге несие беріліп, соның нәтижесінде Ресей Федерациясынан мал әкелу бойынша келісімдер жасалуда. Осы орайда жоғарыда аталған «АгрофирмаТөріпкен» ЖШС зәкірлік кооперация бойынша облыстағы шағын шаруашылықтармен жұмыстар жүргізіп, шетелден мал жеткізіп беру  қызметін ұсынуда. Мал шаруашылығы атакәсіп болған қазақ үшін шетелден мал әкелудің қаншалықты қажеттілігі бар екені ел арасында жиі айтылады. Мемлекеттің миллиардтаған қаржысын жұмсап, өзге елден мал әкелу қаншалықты қажет деген талқылау көп.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444