Мықты неонатолог мамандар Жамбыл облысында

Облыстық перинатальдық орталықта екі күнге жалғасқын неонатология саласын дамыту бағытында ғылыми –тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Астана, Алматы қалаларының «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы», «University Medical Center» корпоративтік қоры, Қазақ неонатологтар конгресі, «Ғылыми педиатрия және балалар хирургі» орталықтары мен өзге  облыстардың балалар дәрігерлері қатысты. Соңғы дерек бойынша Жамбыл облысында ана өлімі  6%-ға, сәбилердің шетінеуі 21 % -ға төмендеген. Маңызды істе тәжірибе алмасу үшін  ғылыми–өндірістік конференцияның  Әулиеата жерінде өткізілуінің мәні бар.

Тамара Чувакова, медицина ғылымдарының докторы: — — Бұл жиналыстың Таразда өтіп жатқандығының да өзіндік себебі бар. Өйткені мұнда неонатология саласы жақсы дамыған. Яғни, республиканы алып қарағанда ең жақсы көрсеткіш Жамбыл облысында, осы перинатальдық орталықта жасалған. Сол ұйымдастырылған ұжымдық жұмысты басқа облыстарға үлгі етуді назарға алдық. Бір шетінен басқа облыстардың неонатолог мамандарына тәжірибелік тұрғыда үйретіп, пікір алмасу сабағы ретінде өткізіп отырмыз, — дейді.

Облыстық перинатальдық орталығында жылына шала туылған 1400-ден астам сәби ана құшағына оралады екен. Ай-күніне жетпей ерте босанудың себебі тікелей ананың денсаулығына байланысты дейді дәрігерлер.

Сонымен,  конференцияда диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы технологияларын, оның ішінде стационарды алмастырушы және ресурс үнемдеуші әдістерді енгізу арқылы ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін жетілдіру керектігі айтылды.  Оған қоса, кездесуде  білікті неонатолог мамандар бірқатар шеберлік-сабақтарын өткізіп, дәрігерлер жаңа инновациялық технологияларды меңгерді.   Қазіргі таңда неонатология саласы біздің елімізде тереңдетіліп оқытылып жатыр. Яғни, шала туылған нәрестелердің өлім қаупінің алдын-алу, ана мен бала денсаулығына жете мән беру, бала бөлімін болдырмау мақсатында тәжірибелі мамандарды дайындап шығаруды негізгі міндет етіп отыр. Неонатология өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында педиатрия саласынан бөлініп шыққан медицинаның бір тармағы.  Неонатологияның негізгі бағыттары – нәресте немесе шала туылған нәресте денсаулығын зерттеу, оған арнайы емдік тәсілдерді табу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444