«Қоғамдағы бала зорлығына қарсымыз»

Отбасындағы зорлық — зомбылыққа жол бермеу, әкелердің арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында, Үлгілі орта мектебінде құқықтық білім беру орталығы ата-аналармен брифинг өткізді. «Қоғамдағы бала зорлығына қарсымыз» тақырыбында өткізілген брифингте мектеп директоры Фазыл Шаухаров ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқталды.  Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Асем Амирханова тұрмыстық зорлық — зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар екеніне тоқтала келе, заң тұрғысында  бірқатар өзерістер енгізілгенін атап өтті. Аудан әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Индира Спаналиева әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының азаматы болып жетілуін қалайтынын, сондықтан ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт екенін жеткізді. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын  растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін. «Әйелдерді қорғау» орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады.
Мектеп психологы Жанна Темірқұлқызы суицид індеті секілді келеңсіз оқиғалардың алдын алу, болдырмау шаралары туралы түсінік беріп, соңынан «Өмір мәні» атты тренинг жүргізді. Басқосуда «Әке тәрбиесі » тақырыбында көрсетілген бейнеролик те көпшілікті бей-жай қалдырмады. «Заң және біз» айдары бойынша сөз алған АІІБ ЖПҚ ЮПТ УПИ, полиция майоры Мейрамбек Жүнісбеков жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеуде ата-ана өз міндетін атқармағаны үшін берілетін жаза түрлері жайында сөз қозғаса, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мамытбек Алдабеков, ата-аналар атынан Жанат Ақшолақов пен Марат Тоғызбаев брифингте қаралған мәселеге қатысты өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Брифинг соңынан оған қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына қатысты шешім қабылдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444