Мерке ауданында асыл тұқымды мал басы артып келеді

Мерке ауданында асыл тұқымды мал басы артып келеді. Үкіметтің көмегіне сүйенген шаруалар бүгінде сапаға баса мән беруде. Соның арқасында ет және сүт өнімдерін алуда айтарлықтай табысқа қол жеткізіп жатыр. Еселі еңбектерімен көзге түсіп жүрген «Бахор» шаруа қожалығы жайында 2003 жылы құрылған. Алғашында егін шауашылығымен айналысқан олар, көп ұзамай-ақ мүйізді ірі қараға ден қояды. 2015 жылы  қаржылай қолдау қорынан  отыз бес миллион теңге алып, Ресейден жүз бас мүйізді ірі қара жеткізеді. Сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлар төл есебінен көбейіп, бүгінде оның саны екі жүзден асқан. Тәулігіне әр  малдан отыз литр сүт алынып, ол аудан орталығында орналасқан Меркі ірімшік зауытына өткізіледі. Шаруашылық жақында америкалық технология бойынша қолдан ұрықтандыруды қолға алыпты. Қолдан ұрықтандырылған малдар төлдеп те жатыр. Бұзаулар ерекше күтімге алынған. Жем-шөп қоры жеткілікті. Мал азығы негізінен шаруашылықтың шабандығынан жеткізіледі. Мұнда он адам еңбек етсе, ветеринар   төлден шығын шығармауға барлық жағдайды жасап отыр.

-Жаңа туылған бұзаулар ерекше күтімді қажет етеді.  Оларға франциядан алынған вакциналарды егеміз.  Соның арқасында төліміз де аурудан аулақ. Жақсы өсіп-жетіліп жатыр, — дейді ветинар Евгений Садовой. Шаруашылық еңбектерін еселей түспекші. Жыл сайын мал басы артып келе жатқандықтан, тағы бір база салуды да жоспарлап отыр. Ол кезде қосымша жаңа жұмыс орны да ашылмақ. Тәуелсіздіктің 27-інші жылында жетістікті бағындырған тағы бір шаруашылық — «Жылыбұлақ-Меркі» серіктестігі деуге болады. Сонау тоқсаныншы жылдары қиындыққа шыдамай, көптеген шаруашылықтар тарап кеткенде бұл ұжым ұйымшылдық танытып, бірлігін жоғалтпай, АҚ, ЖШС-ін  құрып заманына қарай жаңа бағыт түзеді. Тәуелсіздіктің шаруа адамына кең мүмкіндіктер ашқанын пайдаланып, ұжым  бірте-бірте аяғынан тік тұрып кетті. Ауданда малы ең көп, табысы да мол іргелі шаруашылыққа айналды. Үстіміздегі жылды алдын ала есептер бойынша 50 млн теңгеден аса таза табыспен қорытындылағалы отыр. Өндірісте жаңа технология, өнімді техниканы қолдануға баса көңіл бөлінуде. Жемшөп жеткілікті. Қора жайлар жөнделген. Қысқа түскен 20 мыңна аса қойдың, сондай-ақ жылқы мен сиырдың қоңы түскен жоқ. Бұл келесі жылы да төлді көп алып, мал санын арттыра түсуге негіз болмақ. Мал жайын жасауда тәжірибелі мамандары Жапар Календаров, Самат Сандықбаев, Ерікхан Шәкиев сияқты малсақ шопандарымыз қажырлы еңбек етіп, Тәуелсіздік мерекесін лайықты қарсы алуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444