Жамбылда «Оқы, тап» облыстық байқауы өтті

Жамбыл облысында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Оқы, тап» облыстық байқауы өтті. Сайысқа аймақтан 1500-ге жуық оқушы қатысып, өз білімдерін сынап көрді.Қатысушылардың әдеби білімін сынау негізінде ұйымдастырылған байқаудың мақсаты оқушылар мен студенттерге көркем шығармаларды оқыту арқылы рухани,зияткерлік әлеуетін дамыту, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Жарыс үш кезең бойынша өткізілді. Облыстық онлайн байқаудың шарттарына сәйкес бірінші кезеңде қатысушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын көрсетсе, байқаудың екінші кезеңінде көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде оқушылар көркем шығарма негізінде эссе жазды. Байқауға тіркелген 1560 қатысушының 546-ы І кезеңге өтсе, ІІ кезеңге – 228 қатысушы жолдама алды. Ал ІІІ кезеңде 193 қатысушы бақтарын сынап, 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Барлық жеңімпаздар облыстық білім басқармасының атынан дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, онлайн байқауға белсенді қатысқан Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясының және Меркі ауданындағы №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінің директорларына да алғыс хаттар табысталды. Марапаттау рәсімі соңында барлық қатысушылар «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына экскурсия жасады. Айта керу керек, онлайын сайысқа жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралағындағы білім алушылары қатысты.

Айсұлу Нұрмолдаева – Жамбыл облыстық білім басқармасының әдіскері:Негізгі кезеңнен өткен оқушылар бүгінгі таңда марапаттау кезеңіне қатысып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты оқушыларымыздың көркем шығармадан алынған үзінділер мен көркем шығарманың авторларымен танысу. Етене таныса отырып, зияткерлік әлеуетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Онлайн байқаудың негізгі қатысушылары бұл оқушылар мен кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, — дейді. Сондай-ақ, Назарбаев мектебінде оқушылар арасында «Елбасы жолы» атты зияткерлік ойыны өтті. Оқушылардың біліктілігі мен біліміне арналған сайысқа  жоғары сынып оқушыларынан құрылған 4 топ қатысты. Қатысушылар ноутбуктың көмегімен видео  сауалдарға жауап берді. Білімді жастар Елбасының өмірі мен еңбек еткен жолдарын ұшқыр ойларымен жеткізе білді. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен атсалысып, әдемі ойын көрсетті. Ал, жеңімпаз арнайы Елбасының кітабына ие болды.

Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Айша Жолдасбекова мұндай байқаулар бала қабілетін шыңдай түседі дейді. Ақыл ой мен жүйріктікке баулыған сайыс оқушылардың танымдық деңгейін көрсете білді. Сонымен бірге алған білімдерін сарапқа салып, ойлау машығын қалыптастырды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444