EXPO-2017. ТӘЖІКСТАН ҰЛТТЫҚ КҮНДЕРІ АТАЛЫП ӨТІП ЖАТЫР

«ЭКСПО-2017» көрмесі алаңында Тәжікстан Республикасының Ұлттық күндері басталып кетті.  Тәжікстан бізге су қуатын кәдеге жарату технологиясын алып келіпті. Олар ағын суды пайдалана отырып, оны қуат көзіне айналдыра білу тәсілдерін жетік меңгерген. Ел аумағында тоғыз қырық жеті өзен, бір жүз отыз көл және 11 ірі су қоймасы бар екен. Осыған байланысты Тәжікстан өзі тұтынатын энергияның тоқсан бес пайыз пайызын осы су қорынан өндіріп отыр. Бұл үлкен жетістік. Міне, осындай табыстарына қарамастан тәжік елі тіршілік нәрі – су көзіне қатысты мәселелерді шешуде белсенді. Тәжікстан үкіметі жаңартылатын энергия көздерін игеру, 2020 жылға дейін шағын су электр стансаларын салу жөніндегі бағдарламасын қабылдап та қойған. Тәжіктер ЭКСПО төрінде ұлттық күнін атап өту барысында алдымен екі елдің мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалды. Мәртебелі меймандар шараның шымылдығын түрді. Тәжікстанның төрткүл дүние көз тіккен халықаралық көрмеге қатысуының мәні тереңде жатыр.

Усмонзада Усмонзали, Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі өз сөзінде былай деді: – Бізде су қоры мол, сондықтан жаз мезгілінде де жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Артығымен өндірілген электр энергиясын Орталық Азияға, қосымша Қазақстан мен Өзбекстанға және өзге де мемлекеттерге жібере аламыз. Өйткені көп елдер газ бен көмір тұтынып отыр. Сондықтан табиғи таза әрі арзан энергия көзін пайдаланғаны тиімдірек болар еді. Тәжікстан Орталық Азиядағы теңізге шығар жолы жоқ мемлекет бола тұра, «Жібек жолының» маңызды тармағы осы елдің үстінен өткен. Сондықтан болар, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде Тәжікстан павильоны «Жібек жолы» залында орналасқан. Құшақ жая қарсы алған достықсүйгіш қазақ еліне алғысымды білдіргім келеді. Халықаралық маңызы зор көрмеге қатысу – біз үшін мәртебе». Тәжіктер қонақтарға бай мәдени мұрасын паш етті. Бұдан бөлек минералды ресурстардан жасалған ерекше жәдігер көптің көңілінен шықты. Жалпы, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 457,7 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанның Тәжікстанға шығаратын негізгі өнімдері астық, ұн, күнбағыс майы, құрылыс және лактық бояу материалдары, мұнай газы және газ тектес көмірсутегі, мұнай мен мұнай өнімдері болып табылады. Қазақстанға шығаратын Тәжікстан тауарларын көкөністер, жемістер, руда және қорғасын, мырыш, мыс концентраттары құрайды. Тәжікстанда жыл сайын «Экспорт және инвестициялар жөніндегі «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі» жүйесінде бизнес-форумдар мен саудалық миссиялар өткізіліп тұрады.

«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы мен «Тәжікстан темір жолы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасында ынтымақтастық дамуда. Екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығы жыл сайын нығаюда. Әр жылда ҚР азаматтары үшін Тәжікстандағы және ТР азаматтары үшін Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары бөлініп отырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444