Мизам мерекесін қайта жаңғыртты

 

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі қазақ халқында ұмытыла бастаған «Мизам» мерекесін қайта жаңғыртуға себеп болды. «Мизам» мерекесінің мән-маңызы не? Қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Гаухар Төлепова: 

— «Мизам» — мал семіріп, егін орылып, қысқа азық толық жиналып, берекеге кенелетін сәтте аталып өтетін мереке. Ертеде бұл мереке қыркүйек айының соңғы күндерінен басталып, қазан айының ортасына дейінгі шуақты күндерде тойланатын болған. Әрі, күздегі күн мен түннің теңелетін сәті де ескерілген. Жалпы, халқымыздың әр мерекесі ерекше мәнге ие. Оны бүгінгі жастар біліп, жалғастырғаны жөн, — дейді. Бірлестік жанындағы «Көркем әжелер» тобындағы ақ жаулықты аналар көне дәстүр бойынша тағамдарды қысқа дайындаудың жолдарын көпшілікке көрсетіп, қарынға май салып, ет сүрлеп, шеберлік сабақтарын ұйымдастырып келеді.  «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі өңірзде 1996 жылдан бері жұмыс істейді. Қаладағы саны аз этностардың басын біріктірген ұйым осындай іс-шаралар арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттап, дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444