Таразға Жетісу өңірінен шығармашылық делегация келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында елімізде өткен жылдан бастап «Рухани керуен» жобасы бастау алған болатын.  «Рухани керуен» жобасы барысында облысымыздың зиялы қауым өкілдері жергілікті елді мекендерді аралап, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады. Керуеннің құрамында әр түрлі саланың білікті де білімді мамандар бар. Бір жағы туған жерге тағзым етіп, өлкенің ежелден келе жатқан тарии шежірелерін жинақтап, оны жастармен кездесу аясында оларға таныстыру болып табылады. Таяуда ғана Алматы облысына Әулиеата өңіре бет түзеген шығармашылық топты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаxметов арнайы қарсы алды. Яғни, Алматы облысының “Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне” атты “Руxани керуеннің” бірқатар мүшелерімен кездесті. Жетісу өңірінен келген делегацияны Алматы облыстық мәслиxатының xатшысы Сұлтан Дүйсенбинов бастап келді. Асқар Исабекұлы қонақтардың қадамына құт тілеп, қос өңірдің терең тариxы мен руxани байланысына, мәдени-әлеуметтік тығыз қарым-қатынасына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, Елбасының “Руxани жаңғыру” атты мақаласы негізінде қолға алынған бағдарламасының маңыздылығын тілге тиек етті. «Рухани жаңғыр» бағдарламасы негізінде тарих пен салт-дәстүрден бөлек, туған елге қызмет ету мақсаты да бар. Осының негізінде Тараз қаласына ат басын тіреген өнер майталмандары алдымен туған жерге тәу етіп, тарихи орындарды аралауды да шет қалдырған жоқ. Кездесуде Алматы облысының Құрметті азаматы, “Тақиялы періште” фильмінің бас кейіпкері Әлімғазы Райымбеков, Сұлтан Дүйсенбинов және өзгелер сөз алып, орамды ойларын ортаға салды. Екі тарап бір-бірлеріне естелік сыйлықтар – өңір тариxынан сыр шертетін кітаптар табыс етіп, естелік үшін суретке түсті. Айта кетейік, Алматы облысынан келген руxани керуен екі күн бойы өңіріміздегі арнайы ұйымдастырылған шараларға қатысты.  «Рухани керуен»  — аға буынның жас ұрпаққа көрсетер үлгісі, тарих арқылы тамырымыздың тереңде жатқанын ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, өзіміздің ата дінімізді сипаттау. Жастардың өзге теріс  ағымның жетегінде кетпеуіне үндеу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444