Қордайда ашылған жаңа қасапхана жылына 6380 тонна ет өндірмек 

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін созып, кәсіпкерлік нысандарын ашу үшін азаматтарға лайықты қолдау көрсету мәселесін көтерген еді. Осы бағытта Қордай ауданының орталығы Қордай ауылында ашылған жаңа қасапхана жылына 6380 тонна ет өндіруге арналған.  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өндірісті дамыту бағдарламасы бойынша 848 млн. теңгеге салынған жаңа қасапханада бір күнде жүз елу қой мен сексен сиырды союға болады. Ірі қара мен уақ малдарды Қордай жеріндегі шаруашылықтардан қабылдайды. Мал сою алаңы соңғы үлгідегі техникамен жарақтындырылған.

Александр БАТЕНЦЕВ ҚАСАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ: —Құрылғылар түгел дерлік автоматтандырылған. Ол Голландия және Германиядан әкелінген. Мұнда негізінен шұжық өнідмері, туралғант ет пен ұзақ сақтауға болатын ет өнімдері шығады.

Дайын өнімді арзан бағамен Алматы, Тараз қалаларына, Қордай ауылдарының дүкендеріне тасмалдайды. Мұнда, мал өткізіп қана қоймай оны сойдырып алуға да мүмкіндік бар. Сиырды үш мың , қойды мың, жылқыны төрт мың теңгеге сояды. Қасапханада қырық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар қазір он екі түрлі ет өнімдерін шығарады. Қасапхана әзірге малды шаруашылықтардан қабылдау арқылы жұмыс істеп жатса, болашақта өз мал бордақылау кешендерін салуды да жоспарлап отыр. Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Бастапқыда қиындықтар кездескенмен, жобаны тереңінен зерделей біліп, қаржыны мақсатты жұмсай білсе, еңбектің зая кетпесі анық. Бүгінгі күні отандық ет өндірісі ішкі нарықта бірінші орынды 45%-н сиыр еті, екінші орынды шошқа еті 24% мен қой еті 14% және 9% жылқы, құс, басқа да малдар еті құрап отыр. Бүгінгі күні экспортқа сапалы мал етін өндіру үшін, мал еті мәрмәрлі болуына талап қойылып отыр. Өйткені дамыған шет елдерде ұшада еті мол, майы аз «мәрмәрлі» етке сұраныс жоғары. Ондай ұша көбіне ұзақ өсіп жетілетін, яғни он бес емес он сегіз-жиырма төрт айға дейін бағып-күтілген малдан сапалы, әрі мәрмәрлі ет алынады. Бірақ бұл сапалы көрсеткішке біз тек отандық өнімді қолдау арқылы жететінімізге нақты сенімдіміз. Өйткені шет елден әкелген малды бағып-күту сатып алған бағасынан 4-5 есе жоғары шығындарға әкеліп, аз уақытта етті экспортқа шығаруға көптеген кедергілер тудыруы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444