ҚР ИДМ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗДІ

Қоғамдық  маңызды  мәселелер  бойынша  азаматтық  қоғамның пікірін  білдіру  мақсатында 2017 жылдың 14 сәуірі күні Алматы қаласында  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша кезекті қоғамдық  тыңдау өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Артур Платонов және Шавкат Өтемисов, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Тиму Тоқтабаев, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Іс-шараны жүргізген Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі төрағасын алмастырушы Төлеу Шенгелбаев. Тыңдалым барысында «Қатты пайдалы қазбалар бөлімі бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері және көмірсутекті шикізат бөлімі бойынша  Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері таныстырылды.

Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы 3 жұмыс күні ішінде бағдамалардың мазмұны, айтылған пікірлер және Кодекс жобасы бойынша әзірленген ұсыныстар көрсетілген  хаттаманы  ұсынады, ол   Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасына қатысты берілген ұсыныстарды мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. қарайтын болады.

Кодекстің  жаңа жобасы келесі тұжырымдамалық өзгерістерді қарастырады:

— Австралия елінің моделіне ұқсас «Бірінші келген — бірінші алады» принципі бойынша лицензиялық тәртіпті енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын  беруді жеңілдету;

— қорларды бағалауда халықаралық тәртіпке көшу;

— геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті жасау және оны сандық форматқа көшіру;

— кең таралған пайдалы қазбалар тізбесін  қайта қарау;

— кеніштерді жабу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кен орындарын жою бойынша ережені қатайту;

— жер қойнауын пайдалану бойынша әрекет ететін келісімшарттар үшін тұрақтылық  кепілдігі қарастырылған  және тағы басқалар.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://mid.gov.kz/ru/kategorii/departament-nedropolzovaniya-13 ресми интернет ресурсында орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444