СОЗАҚТА АС ТҰЗЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ БАР

 Теріскейдің индустриалды аймағында «Дархан-Ас» ӨК-нде «Йодталған ас тұзын шығаратын зауыт» іске қосылған болатын. Былтырғы жылдың қараша айында іске қосылған зауытта бүгінгі дейін 1000 тонна өнім өндіріліп, өңіріміз бен көрші облыстарды ас тұзымен қамтамасыз етуде. Өңірді тұзбен ғана емес жергілікті 14 тұрғынды жұмыспенде қамтыған зауыт жылына 9-10 мың тоннаға дейін тұз өндіріп, облыстың тұзға деген 100 мың тонналық сұранысының 10 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы.

Тұз өңдеу цехінің директоры Мұрат Сапаров мырзаның айтуынша, зауыт толықтай автоматтандырылған, яғни бір түймемен басқарылады. Сағатына 5 тоннаға дейін өңделген ас тұзын шығаратын нысан жұмысшылары шикізатты ауданның Тасты ауыл округіндегі «Бақыт таңы» тұз кенінен алады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 пайызбен 70 млн. теңге несие алған өндірістік кооператив басшылығы бүгінге дейін қарызының 30 пайызын қайтарып үлгерген көрінеді. Цехта 1, 5, және 10 келілік ас тұздары қапталып, буылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444