УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 5 бабына сәйкес уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізіп, мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, уәкілетті органның құзыретіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, өздері қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы И.Ахмедиев