ИНТЕРНЕТТЕ ТАУАРЛАРДЫ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ

Интернетте тауар сатып алу қиындық тудырмауы үшін тұтынушыларға келесі ұсыныстарды орындауға кеңес береміз:
— тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеу;
— сатушыдан сәйкестік сертификаттарын немесе сәйкестік туралы декларацияны, оның ішінде сәйкестігі міндетті расталуға жататын импорттық тауарға, талап ету;
— сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етуге құқылы;
— тауарды сатып алу алдында сатушының беделі туралы, сондай-ақ ол сататын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы тұтынушылардың пікірлерімен танысыңыз;
— сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау/қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыстарды жүзеге асырмауға;
— тұтынушылардың құқықтарының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото- және бейнетіркеу жүргізу;
— бейтаныс тұлғаларға ақшаны аудармау және өзінің құпия деректерін жібермеу;
— тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда сатушыға жазбаша наразылық жіберу, уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіну.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы Т.Сланов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444