Рейс тоқтатылды немесе кешіктірілді, қандай өтемақы талап етілуі мүмкін?

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабында рейстің күшін жою немесе кешіктіру кезінде тасымалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігі көзделген.

1. Тасымалдаушының кінәсінен рейс тоқтатылған немесе кідіртілген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде мынадай қызметтерді ұйымдастыруға міндетті:

* жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін (бар болса) беру;
* рейстің ұшуын екі сағаттан артық күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы немесе екі электрондық пошта хабарламасы;
* рейстің ұшуын екі сағаттан артық күткен кезде салқын сусындармен қамтамасыз ету;
* рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан артық және одан әрі күту кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету:
әр алты сағат сайын-күндізгі уақытта;
әр сегіз сағат сайын-түнде;
* рейстің ұшуын сегіз сағаттан артық — күндізгі уақытта және алты сағаттан астам — түнгі уақытта күту кезінде тасымалдаушы ұсынатын қонақүйге орналастыру;
* тасымалдаушы ұсынатын көлікпен әуежайдан қонақүйге дейін және қонақ үй қосымша ақы алынбай берілген жағдайларда кері жеткізу.
Осы тармақта көрсетілген қызметтер жолаушыларға қосымша ақы алынбай ұсынылады.

2. Тасымалдаушының кінәсінен он сағаттан артық мерзімге рейс тоқтатылған немесе кідіртілген кезде тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша міндетті:
* осы баптың 1-тармағына сәйкес қызметтерді ұсына отырып, жолаушыны билетте көрсетілген межелі пунктке дейін ең жақын рейспен тасымалдауды қамтамасыз ету;
* жолаушыға билеттің толық құнын қайтару.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы А.Алдаберген

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444