Оқушылардың бойында патриоттық рух сезіліп тұрды

Шымкент қаласы Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебі қашықтан оқыту жүйесі барысында 1-11 сыныптар аралығында тәрбие сағаты өткізілуде. Тәрбие сағаттары Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап «Бірлік пен келісім» тақырыбына арналды. Мұнда мектеп оқушылары онлайн режимде еліміздің бірлігі жайында өлеңдер оқып, ән айтты және барша ұлттардың татулығын ақ параққа салып қылқаламмен бейнеледі. Сондай-ақ, мемлекетіміздің келешегіне жарқын тілектерін жүрекжарды сөздерімен жеткізген оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік, патриоттық рух сезіліп тұрды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444