ШЫМКЕНТ: ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде шілде айынан бастап «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Жоба «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылмақ. Жүйені ағымдағы жылы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Көлік картасының бағасы 500 теңге болмақ. Карталардың 4 түрі болады: жалпы пайдаланатын карта, оқушылардың картасы, студенттік карта және тегін жүру картасы. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан көлік картасы Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар, Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І — топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.

Жолаушыларға көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, оқушыларға мектеп асханаларында көлік картасымен төлеу мүмкіндігі қарастырылуда.

Сондай-ақ, Мақсұт Пернебайұлы карта арқылы тұтынушылар үшін тиімді тұстары көп екенін және жүйені бақылауда ұстауға толық мүмкіндік беретінін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444