ҚР ИДМ МИНИСТРІ «АСТАНА-ПАВЛОДАР» АВТОЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫНА ТАРТЫЛҒАН МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, салынып жатқан «Астана-Павлодар» автожол учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін қадағалап қайтты. Сондай-ақ, мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді. Кеңеске «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен оның Ақмола мен Павлодар облыстарындағы филиалдарының, «Ақмолажоллаборатория» және «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылығы, сонымен бірге, «Астана-Павлодар» автожолы жобасының құрылысына тартылған барлық мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.
Жеңіс Қасымбек: — «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаның стратегиялық маңызы айрықша. Құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде және жоғары сапада жүргізу керек. Аталмыш мердігер ұйымдар осы мәселеге аса мән берулері керек.
Кездесу барысында мердігерлердің техникалық жабдықтары, жол құрылысы материалдарын дайындау сияқты тағы басқа да мәселелер талқыланды.