Туристтік нысандарының жарнамасы көрсетіліп тұратын болады

Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесінен кейін, аудан әкімінің Омарбеков Бауыржан Бақытұлының және аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлының, сондай ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, қала ардагерлерімен және Қала әкімі Болат Әділбековтің қатысуымен Ленгер қаласында жаңадан құрылған нысандардың таныстырылуы өтті. Таныстырылымда аудандық және арнайы шақырылған Облыстық БАҚ өкілдеріде болды.
Бірінші кезекте Төлеби-Оқжетпес көшелерінің қиылысында орналасқан ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы панноның таныстырылымынан басталды. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Мұнда аудан әкімі Рәміздерге деген өз сезімімен бөлісті. 
Ары қарай Бірлік көшесімен Төлеби көшесінің қиылысында орналасқан Лэд экран скверіне жалғастырылды. Орталық көшеде орналасқан Лэд экран арқылы қалаға келушілерге Туризімді дамыту бағытында ауданымыздың туристтік нысандарының жарнамасы көрсетіліп тұратын болады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсілбек Әуесбек жүргізіп, таныстырды.
Қапал батыр көшесінде екі жолдың қиылысында орналасқан сквердегі сағат стелласыныңда таныстырылымы болды. Одан кейін Қапал батыр көшесіндегі «Депутаттар» аллеясының таныстырылымы жүрді. Бұл аллеяда Төлеби атамыздың «Халқыңа адал бол жауыңа қатал бол»-деген сөздері жазылған тақтайша орнатылған. Депуттатар аллеясының таныстырылымын аудандық мәслихатының хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы жүргізді. Таныстырылымнан соң Аудан әкімі және Мәслихат хатшысы және ардагерлер өз қолдарымен шырша ағашын отырғызып суарды. 
«Шаңырақ» аллеясының таныстырылымымен аяқталды. Шаңырақ аллеясында апалардан құрылған топ ән айтып келген қонақтарды қуанышқа бөледі.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444