Пресс жібін өндіреді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында болды, деп хабарлайды аудант әкімінің баспасөз қызметі. Онда әуелі Достық елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Онда қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы үшін 69 гектар аумақ қаралып, инфрақұрылым жүйесі қарастырылуда. Кейін өңір басшысы Жүзімдік ауылдық округінде орналасқан Келес өзеніндегі Оймауыт су бөгетіне тұрақтап, ондағы нысанның жағдайына қанық болды. Өз сөзінде облыс басшы Оймауыт су бөгетін тездетіп күрделі жөндеуден өткізуге “Қазсушар” РМК өкілдеріне тапсырма берді.
Облыс әкімі бастаған сапар Жуантөбе елді мекеніндегі «ТМ-Строй-21» ЖШС-нің пресс жіп иіру және қыш зауыттарының жұмыстарымен танысумен жалғасты. Жобаның жалпы құны – 250 млн. теңге, өндіріс орны жылына 1000 тонна пресс жібін дайындайды. Ал жобалық құны 160 млн.теңгені құрайтын қыш зауытының жылдық қуаттылығы 32,4 млн. дананы құрамақ. Биыл құрылысы басталған өндіріс орны 2020 жылы толық іске қосылады.
Келес ауданына ресми сапар аясында аймақ басшысы Ошақты ауылдық округіндегі 600 орындық №105 Қоңыртөбе жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Айтулы шарада сөз алған облыс әкімі жергілікті жұртты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444