Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,3 пайызға артты
2018 жылдың қаңтар-мамырында Түркістан облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 353103,5 млн. теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде индуст риалды аймақтарда өнім өндіруші кәсіпорындардың үлесі қомақты. Аталмыш кәсіпорындардың барлығы да индустриалды инновациялық даму бағдарламасының жемісі. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу кәсіпорындарымен 68593,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 0,5% көп. Өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірілген өнімнің көлемі 231109,9 млн.теңгені, ал нақты көлем индексі 103,4% құрады. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі 69972,2 млн. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,1%-ға жоғары. Тамақ өнімдерінің мынадай түрлерін өндіру едәуір өскені байқалады: шұжық және оған ұқсас еттен жасалған өнімдер – 72,6%, өңделген және консервіленген көкөністер, картоптан басқа – 3,4 есеге, тазартылған май, қалдықтардан басқа – 33,2%, дәнді және өсімдік дақылдырынан жасалған ұн – 18,9%, кепкен нан және печенье; кондитерлік заттар және ұзақ мерзімде сақтайтын тәтті нан – 6,2%, қант – 4,5 есеге, шоколад, шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер – 23,9% өндірісі артты. Сондай-ақ, сусындарды өндіру көлемі 10007 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау саласында өндіріс көлемі 43108,3 млн. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырдан 25%-ға артық. Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда өндірілген өнімнің көлемі 10292,0 млн. теңгені кұрап, нақты қөлем индексі 142,0% құрады.