Өңірді өрлететін жобалар

Түркістан облысында 2018 жылы 42,0 млрд.теңгені құрайтын, 2 072 жұмыс орнын ашатын 15 жобаны іске қосу жоспарланып жатыр. Оның ішінде индус риалдық аймақтарға басымдық берілмек. Мәселен, «Оңтүстік» индустриалдық аймағында жүзеге асырылуы тиіс серпімді жобалардың ішінде «NurKazMetal» ЖШС Қара металл сынықтарын қайта өңдеу зауыты, «Sin Yuan Steel (Син Юань Стил)» ЖШС Теміржол тұйығымен қосылған металлургиялық зауыт құрылысы, «Ангар Азия» ЖШС Шыны бетті қайта құру және оны шыдамды ету зауыты,  «Shymkent Temir» ЖШС Шаршы құймалы болат дайындама құрылысы зауыты бар. Сондай-ақ, «ҚТИА БАДАМ» индустриалдық аймағында да жобалардың бірегейлері жүзеге аспақ. «Gold Aluminum» ЖШС ПВХ профильдер өндірісі цехы, ПВХ мен алюминийден жасалған мөлдіржарық құрастырма, «Green Technology industries» ЖШС Полиэтилен өнімдерінің қалдығынан жасалатын жасанды талшық өндірісі зауыты. Ал «Тассай» индустриалдық аймағында «ДезФумэкс» микробиологиялық өндіріс, «Asiatrafo» ЖШС Қуаты 110-220 кВ болатын трансформатор өндірісі, «Петухов И.В.» ЖК Полимермрамор, шыныталшық және ағаш алабынан жасалған өндіс, «Платан» ЖШС Жиһаз, пластик және де басқа бұйымдар өндірісі. Олардың барлығы да жүзеге асырылу сатысында тұр. Аймақ өндіріс үшін өте тиімді жобалар болмақ. Бұдан бөлек өзге де жобалар зерделену үстінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444