Жоспарланған жоба көп
Түркістан облысында индустриалдық аймақтардың қатары жылдан жылға артып келеді. Мұның барлығы да облыстағы ҚР 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасы. Аталмыш бағдарлама аясында жыл сайын облыс орталығында болсын, ашлғай шеттегі аудандарда болсын индустриалды аймақтарда бағдарлама шеңберінде көптеген өндіріс орындары ашылуда. Биыл жыл соңына дейін де бірнеше жобалар жүзеге асырылмақ. 2018 жылы 42,0 млрд.теңгені құрайтын, 2 072 жұмыс орнын ашатын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде индустриалдық аймақтарға басымдық берілмек. «Тассай» индустриалдық аймағында «Аширбаева Уайда Турсынбаева» Жеке кәсіпкерлігі полимермрамор және шыныталшықтан жасалған бұйымдар өндірісі зауытының құрылысы жоспарлануда. «Нұр Алем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдарын өңдеу өндірісін ұйымдастыру, «M GROUP KZ» компаниясы Құрылыс құймасы мен бетон дайындауға арналған жабдықтардың өндірісін жоспарлап отыр. «Кентау» индустриалдық аймағы бойынша «Ауезов» жеке кәсіпкерлігі оттегі цехының құрылысы, «Қазығұрт» индустриалдық аймағы «АСЫЛ-бастау.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрғақ майсыздандырылған сүт және сары май өндірісі зауыты жоспарлануда. Жалпы бұдан бөлек өңірімізде 15 инвестициялық жоба 41 587,2 2 072 15 жоспарланып отыр.