Агросаладағы тың жоба жүлдесіне ангус малы

Еліміздегі ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Түркістан облысына арнайы келді. «NEO NOMAD» тақырыбында іскерлік ойында бас қосты, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұл жоба әзірге ойын түрінде өткенмен, келешекте өңіріміздің даму жоспарына айналады. Жиын әзірге ет өнімін өркендетуге арналып отыр. Басты мақсат — «Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын» жобалық басқару. Осы орайда облыста ет өндірумен айналысатын шаруашылықтардың жоспарын жүйелеу үлкен мәнге ие болды. «Іскерлік ойында өңіріміздің барлық аудан-қаласынан жиналған 150-ден астам агросала мамандары 6 топқа бөлініп, өздерінің даму жоспарларын ұсынды. Бірінен бірі озуға тырысып, ет өнімі көрсеткішін ұлғайтудың тиімді тәсілдерін қолданды. Мұндай басқосудың аграрлы аймаққа берері мол» –дейді ұйымдастырушылар.Нұрбек Бадырақов – Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары «Өзара бақ сынасқан командалардың үздік жобалары облысымыздың даму жоспарына енеді. Үздік командалар министрліктің арнайы алғыс хатымен марапатталады. Бас жүлдеге «Ангус» асылтұқымды бұқасы беріледі. Бұл бәйгені «Ақсанат инжиниринг» қожалығы тарту етіп отыр».

К.Дүйсенбі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444