Нарыққа бейімделген шаруалар

Бүгін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов бірнеше шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Қоғам ауыл округіне қарасты «Ынтымақ» шаруа қожалығы құрылғанына 4 – ақ жыл болса да өнімді еңбек етіп келеді. 35 гектар алқапқа голландтық (майами) сұрыпты жүгері дақылын егуде. Жүгерінің аталған сортының паясы аласа болғанымен әр пая 2-3 собықтан байлайды. Алқапты терең қопсыту технологиясымен өңдеу және Ө.Оспанов атындағы топырақтану институты ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде әр гектарынан 150 центнерден өнім алу жоспарлануда.  Негізі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сызған» шаруа қожалығында бүгінде 55 сиыр, 150 жылқы, 2500 бас уақ мал бағылуда. Оның 1500 басы саулық қой. Биыл әр 100 саулықтан 110 қозы алынды. Шаруашылығын дөңгелентіп отырған шаруашылықтың жайылымдық жері 1300 гектар болса, онда 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Айлық жалақылары 70 мың теңге. Жайлы баспанамен қамтылып, жағдайлары жасалған. Қыстық жем –шөп қоры бүгіннен жасақталып, мал басын одан әрі өсіруге мүмкіндіктердің бәрі қарастырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444