Жайқалып тұр жүгері…
Он жеті жыл бұрын құрылып, нарыққа бейімделген «Әшірбай» ЖШС-ның жұмыс көңіл қуантарлық дәрежеде, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 46 гектар алқапта жүгері, 4 гектарда жоңышқасы жайқалып тұр. Дәмі тіл үйірер 10 гектарға егілген қауыны мен 5 гектар алқаптағы шөл басар қарбыздары үлкен жүк көліктеріне артылып, Ресейге экспортталуда. Атап өтерлігі осы ЖШС-да Алматыдағы Ө.Оспанов атындағы топырақтану иститутымен бірлесіп жұмыс істеу арқылы шаруашылықты ғылыммен ұштастырып, мол өнімге қол жеткізуде. Соңғы жылдары Отырар шұбаты брендке айналған. Еліміздің ірі мегаполистарын айтпағанда Ресейдің ірі қалаларында сұранысқа ие болып отыр. Шаруасын 5 түйемен бастаған «Гүлмайра» шаруа қожалығы бүгінде ірі шаруашылыққа айналған. Негізгі бағыты түйе сүтін өңдеу болып табылатын қожалықта бүгінде 380 бас түйе бар. Оның 125-і сауынды. Сүт өңдейтін цехтың тәуліктік қуаттылығы 1,5 тонна. Осында 16 адам жұмыспен қамтылған. Жыл сайын мал басының көбеюіне байланысты жаңа қоралар салынып, шаруашылықтың ісі ілгерілеуде. Аталған шаруашылықтардың жай – күйімен жете танысқан аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің әлі де көбейетінін айтып, шаруалардың жұмысына табыс тіледі.