Жалпы өңірлік өнім 62 млрд. теңге

Бүгін кәсіпкерлер мектебі ғимаратының залында Түркістан облысына қарасты Төле би ауданы әкімінің 8 айдағы әлеуметтік-экономика дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті. Брифингке аудандық және облыс Бақ өкілдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Брифинг басында Аудан әкімінің 8 айда атқарған жұмысы бойынша бейне жазба көрсетілді. Әрі қарай Аудан басшысы Омарбеков Бауыржан Бақытұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы жайында баяндады.
Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім 62 млрд 956 мың теңге болып, жан басына шаққанда 540,2 мың теңгені құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,4 пайызға артқан.
Өнеркәсіп саласында 21 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 106,1 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 8 айда 19 млрд 241,4 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,5 пайыз болып отыр.
Мал шаруашылығы саласында 13 млн 787,1 мың теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады.
Су нысандары бойынша 2018 жылы арна түзеу, жаға бекіту және тазалау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 200 млн теңге қаржы қарастырылып аудан бойынша 4 су тоғаны және 39 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Бюджет — қаржы саясаты Контингент жоспары 1 млрд 399 млн теңге болып, үстіміздегі жылдың 1 қазанына нақты 101,7 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде аудан бюджеті 2018 жылдың 7 айында 873,8 млн теңгеге жоспарланып 104 пайызға артығымен орындалды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444