ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША ШЫМКЕНТ РЕСПУБЛИКАДА 2-ШІ ОРЫНДА

Шымкент қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 90 жобаға 1,0 млрд теңге бөлінген. Осы бағдардама шеңберінде «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 88,5 млрд теңгеге 90 кәсіпорыннан ұсыныстар түсіп, оның 54 өндіріс орны 35,6 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған.

Сонымен қатар, қалада кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банкттер тарапынан 35,0 млрд теңге несие берілген.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифинг кезінде мәлімдеді.

Спикердің сөзінше Шымкентте инвестициялық жобаларды бақылау мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру мақсатында пилоттық режимде «Жобалық басқару кеңсесі» құрылған.

– Қалаға тартылатын инвестицияның көлемі де артып келеді. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 223,4 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54,3 пайызға артты. Инвестициялық өсім бойынша Шымкент республикада 2-ші орында тұр, -деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, Шымкентте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инвесторлардың пулын жасақтау бойынша 2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленген. Оның ішінде осы жылы шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд.теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444