Өңірде құны 8 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық бастама қолға алынады

Бүгінде Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың саны аз. Олардың санын көбейту үшін осы жылы жүзеге асатын 4 жоба өңірдің арнайы картасына енді. Бұл туралы өңір басшысы Асқар Мырзахметов “Баласағұн” орталық концерт залында өткен жиында айтты.

Жыл басынан 1,8 мың тонна ет экспортқа шығарылды. Бұдан бөлек, құны 8 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық бастама қолдау тапты. Дегенмен, бұл бағытты одан ары дамыту қажет. Бұл үшін өңірдің мүмкіндіктері бар, жер ресурстары да, ауа-райы да қолайлы. Тек тиімді жұмыс атқару қажет. Заманауи агротехнологияларды ауқымды тарту үшін мемлекеттік қолдауды тікелей осыған байлауымыз керек. Қажет болған жағдайда қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілетін болады.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын немесе айналысам деушілерді жаппай оқыту үшін үлгілі шаруа қожалықтарының базасын жасақтап, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат аясында (5,9 млрд.тг) қосымша нақты жоспар әзірлейміз, — дегенді айтты аймақ басшысы Асқар Исабекұлы.

Осы орайда құрылып жатқан заманауи тұрғыдағы облыстық агроколледж де бұған өз үлесін қосатын болады. Айта кетейік, Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндеті тұр.

Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда. Бесінші, Жолдауда агроөнер­кәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндеті тұр. Ал Сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлу бойынша, об­лысымызда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ав­тожолдың 500-ге жуық шақырымы 6 аудан­нан өтіп жатыр. Бұл жолмен тәулігіне 8 мыңнан аса көлік өтетінін ескеріп, сервистік қызмет са­пасын арттыру үшін тиісті талдау жүргізіліп, қо­сымша жұмыс көлемі анықталды. Ендігі жер­де кәсіпкерлерді тарта отырып, бұл жұмыс­ты атқару міндеті тұр, – деді Асқар Исабекұлы. Аймақ басшысы Президент әлеуметтік са­лаға жұмсалатын шығындардың тиімділігін арттыруға ерекше мән беріп, 5 жыл ішінде бі­лім, денсаулық сақтау салаларына барлық көз­дерден жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 7,4 пайыздан 10 пайызына дейін жет­кізу туралы міндет қойғанын да айтып өтті. Өт­кен жылы облыста 45 мектеп жаратылыс-тану пән­дерін ағылшын тілінде оқытса, биылғы оқу жы­лында 277 мектепте 4 пәнді ағылшын тілін­де оқыта бастады. Облыста Назарбаев зият­керлік мектебінің озық тәжірибесі 7 мектепке енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444